TKS Disputes IAC Eurasia Arbitration Week 2026 аясында

2026 жылғы 30 маусым мен 3 шілде аралығында Астанада Еуразия елдері мен әлемнің өзге өңірлерінен келген халықаралық арбитраж және дауларды шешу саласындағы жетекші мамандардың басын қосқан төртінші жыл сайынғы IAC Eurasia Arbitration Week (EAW26) өтті. Биыл EAW26-ға қатысу үшін 700-ден астам адам тіркеліп, іс-шара бағдарламасы аясында 30-дан астам елден келген 65 спикер сөз сөйледі.

TKS Disputes IAC Eurasia Arbitration Week 2026 аясында

Апталық аясында TKS Disputes үшін маңызды оқиғалардың бірі фирманың серіктесі Бахыт Тукуловтың марапатталуы болды. 1 шілдеде Бахыт АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығының дамуына, сондай-ақ халықаралық дауларды шешу саласына қосқан айрықша үлесі үшін AIFC Court and IAC Chief Justice and IAC Chairman Medal медалімен марапатталды.

Сол күні Бахыт «Cross-Border M&A Disputes: Why They Arise & How to Resolve» атты панельдік пікірталаста спикер ретінде сөз сөйледі. Пікірталас барысында трансшекаралық M&A мәмілелерінен туындайтын даулардың себептері, күрделі M&A дауларының құқықтық және коммерциялық аспектілері, сондай-ақ оларды әртүрлі юрисдикцияларда шешудің ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар трансшекаралық коммерциялық дауларды тиімді реттеудегі арбитраждың және дауларды баламалы тәсілдермен шешудің рөліне ерекше назар аударылды.

2 шілдеде TKS Disputes Peter & Kim-мен бірлесіп EAW26 қатысушыларына арналған Drinks Reception өткізді.

Іс-шара барысында Бахыт Тукулов пен Роман Ходыкиннің редакциясымен жарық көрген «Комментарий к Правилам Суда Международного финансового центра „Астана“» кітабының ресми тұсаукесері өтті. Басылым АХҚО Сотының қағидаларына кешенді талдау жасап, оларды қолдану мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмелер мен судьялар мен тәжірибедегі заңгерлерге арналған практикалық ұсынымдарды қамтиды.

EAW26 аясында өткен тұсаукесер әлемнің түкпір-түкпірінен Астанаға жиналған арбитраж және дауларды шешу саласындағы халықаралық кәсіби қауымдастыққа басылымды таныстыруға мүмкіндік берді

Жарияланған күні:

09.07.2026