1 минут оқу
Талап қою жалпы жиналысты шақыруға және ЕҚК-дегі корпоративтік басқару мәселелеріне қатысты және ЕҚК-нің еншілес ұйымдарының операциялық қызметіне әсер етпейді
Алматы, 2026 жылғы 4 қыркүйек – «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ-ның (ЕҚК) дауыс беретін акцияларының шамамен 33,33%-ын бірге иеленетін Лариса Машкевич, Анна Машкевич және Алла Машкевич Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына компанияны акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға және өткізуге міндеттеу туралы талаппен жүгінді.
2026 жылғы 3 қыркүйекте судья Е.Ж. Махметов талап қоюды соттың іс жүргізуіне қабылдады, №7527-26-00-2/15453 азаматтық іс қозғалды.
Жиналыстың ұсынылып отырған күн тәртібіне мына мәселелер енгізілген:
Сотқа жүгінер алдында акционерлер 2026 жылғы мамыр мен шілде аралығында кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру туралы бес жазбаша талап жолдаған. Талап қою материалдарына сәйкес, осы талаптарды қарау үшін Директорлар кеңесінің бес отырысы шақырылған, алайда кворум болмауына байланысты олардың ешқайсысы өтпеген.
«Талап қоюдың нысанасы жалпы жиналысты шақыру және өткізу мәселесімен ғана шектеледі. Талап қоюда активтерді сату, Еуразиялық банкті немесе сақтандыру компаниясын қайта ұйымдастыру, не олардың ағымдағы операциялық қызметіне араласу туралы талаптар жоқ», – деді Бахыт Тукулов, TKS Disputes серіктесі.
БАҚ сауалдары бойынша:
Бахыт Тукулов, TKS Disputes серіктесі
press@tks.law
04.09.2026