«Тукулов және Кассильгов Литигейшн» ЖШС 2022-2023 академиялық жылдарға арналған заңгер-студенттерге атаулы шәкіртақыларды тағайындау туралы сайыс ережелері
- 1.Осы ережелер төменде көрсетілгендей 2022-2023 академиялық жылдарға сайыс Қатысушыларына арналған «Тукулов және Кассильгов Литигейшн» ЖШС («Шәкіртақы құрылтайшысы») өтінімдерді іріктеуге және атаулы шәкіртақыларын тағайындауға қойылатын негізгі талаптарды реттейді («Сайыс»). Берілген ережелермен реттелмеген Сайысқа қатысты барлық мәселелер Шәкіртақы құрылтайшысының дербес қарауына жатады.
- 2.Келесі талаптарға біруақытта сай келетін тұлғалар Сайыс қатысушылары бола алады:
- (1)бір жоғары оқу орнында оқитын екі адамнан тұратын топ құрамында болатын Қазақстан Республикасының («ҚР») азаматтары;
- (2)ҚР жоғары оқу орындарының заң факультеттерінің студенттері; сонымен қатар
- (3)GPA орташа балы 3.0 немесе одан жоғары («Қатысушы»).
- 3.Құрамы екі Қатысушыдан тұратын топтар сайысқа қатыса алады. Топтың құрамы Сайыс аяқталғанға дейін өзгермеуі тиіс. Сайысқа қатысу үшін Қатысушы сілтеме бойынша қолжетімді болатын нысанда өтінімге қол қойып, scholarship@tkl.kz электрондық поштасына жіберуі тиіс. Өтінімде топтар аты және қатысушылардың есімдері көрсетілуі тиіс.
- 4.Шәкіртақы құрылтайшысы атаулы шәкіртақыларын келесі мөлшерде тағайындайды:
- (1)Бірінші орын – тоғыз ай бойы ай сайын 150 мың теңгеден берілетін екі атаулы шәкіртақылары (бір топқа);
- (2)Екінші орын – тоғыз ай бойы ай сайын 100 мың теңге мөлшерінде берілетін екі атаулы шәкіртақылар (бір топқа); сонымен қатар
- (3)Үшінші орын – тоғыз ай бойы ай сайын 50 мың теңге мөлшерінде берілетін екі атаулы шәкіртақылар (бір топқа);
- (4)Шәкіртақы Құрылтайшысының өз қарауына қарай басқа да жүлделер.
- 5.Сайыс екі кезеңде өтеді:
- (1)Берілген кейс бойынша жазбаша ұстаным (қуыным/пікір) дайындау және өтінімдерді алдын ала іріктеу; сондай-ақ
- (2)Топтардың жазбаша құжаттарын алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша - 2023 жылы 31 наурызда КИМЭП (Алматы қ.) университетінің қабырғасында ойын түрінде өтетін сот ісіне қатысу.
Жоғарыда 3 тармақта аталған жазбаша өтінімді бергеннен кейін, әр топ тіркеу туралы растаманы, сонымен қатар істің нақты жағдайларының (кейс тапсырмасының) сипаттамасын алады. Төменде 7 тармақта белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Қатысушылар жазбаша ұстанымдарын дайындауға міндетті (талап қоюшыдан немесе жауапкерден – сізге шәкіртақы Құрылтайшысының көрсетуіне байланысты). Жазбаша ұстанымдар ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сай келуі тиіс, сонымен қатар өлшемі Times New Roman 12, шегінісі 1,15 құрайтын баспа мәтін он беттен артық болмауы тиіс. Көрсетілген шектеулерден асатын мәтін бөліктері оқылмайды. Қатысушылар істің мән-жайынан тыс шықпауы тиіс, не болмаса жаңа жағдайларды ойлап шығармауы керек.
- 6.Жазбаша ұстанымдарды оқып-зерттеу кезінде шәкіртақы Құрылтайшысы келесілерді ескеретін болады:
- (1)Мәтін сауаттылығын;
- (2)Мазмұндау қарапайымдылығын;
- (3)Құжат құрылысын;
- (4)Құқықтық дәлелдеме және егжей-тегжейлі болуына мән беру: нақты жағдайлар бір тараптың екінші тарапқа қарағанда әдейі мықтырақ болмайтындай баяндалуы;
- (5)Презентация.
- 7.Қолданылатын дедлайн:
- (1)Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 2023 ж. 31 қаңтарға дейін;
- (2)Жазбаша ұстанымдарды ұсыну мерзім - 2023 ж. 24 ақпанға дейін;
- (3)Екінші кезеңге іріктеу мерзімі - 2023 ж. 13 наурызға дейін;
- (4)Жеңімпаздарды жариялау мерзімі - 2023 ж. 31 наурызға дейін.
- 8.Шәкіртақы Құрылтайшысы Қатысушыға стипендия тағайындайтынын кепіл етпейді. Құрылтайшының қарауына қарай шәкіртақыларын үшінші тұлғалар да төлеуі мүмкін. Сайысқа қатысу өтінімін бере отырып, Қатысушы шәкіртақы Құрылтайшысына немесе үшінші тұлғаларға сайысты өткізуге байланысты қандай да бір наразылықтары болмайтынына келіседі. Қатысушылар шәкіртақы Құрылтайшысына, оның серіктестері, қызметкерлері, мердігерлері және Сайысқа тартылған басқа да тұлғаларға қатысты жұрт алдында кез келген теріс пікір айтудан тыйылады.
- 9.Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастырушыларға хабарласыңыз: scholarship@tkl.kz