Жобалар (Бақыт Тукулов)
Мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау кезінде тапсырыс берушімен туындаған жұмыс құнын 300 млн. АҚШ долларынан астам сомаға арттыру туралы даулы жағдайға байланысты қытайлық бас мердігерге кеңес беру
Ондаған миллиард теңгені арқау еткен әртүрлі құрылыс даулары кезінде (20-дан астам) Қазақстандағы мұнай-газ құрылысы саласындағы аса ірі компанияларға сегіз жыл бойы кеңес беру және өкілдік ету (қосымша жұмыстардың құнын өндіру, келісімді даулау, қорғау механизмін жасау, қазақстандық соттардың юрисдикциясына негіз салу, арбитраждық келісімдерді айналып өту, банк кепілдемелерін даулау және т.б.)
Оңалту және банкроттық мәселелері бойынша 15-тен астам компанияға кеңес беру және өкілдік ету (оның ішінде Қазақстандағы қағаз өңдеу саласындағы ірі компанияларға, сондай-ақ мұнай компанияларына)
Қазақстандағы металлургия саласындағы ірі компанияларға алаяқтық, шығынды өтеу, келісімді даулау және тағы да басқа мәселелер бойынша 10-нан астам сот ісін жүргізуге кеңес беру және өкілдік ету
Лондондағы халықаралық арбитражда талап қою мерзімі мәселелері бойынша туындаған (ҚР АК авторларының біріне эксперт ретінде оппонент болу) құрылыс дауына байланысты ҚР құқығы бойынша эксперт ретінде қызмет атқару; ҚР азаматтық құқығы, сондай-ақ оңалту және банкроттық саласындағы заңнама мәселелері бойынша шетелдік соттар мен арбитраждар (Англия, Ресей, Кипр, Германия) үшін 10-нан астам сараптамалық қорытындылар дайындау.