ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖ
Қарызды өндіріп алу мәселесі бойынша қазақстандық халықаралық арбитражда табиғи газ жеткізумен айналысатын ірі неміс жеткізушісі еншілес компаниясының атынан өкілдік ету;
Шетелдік тауар жеткізушілермен арбитражға дейінгі реттеу бойынша келіссөздерде Қазақстандағы министрліктердің бірінің атынан өкілдік ету;
Қазақстан территориясында өткен халықаралық арбитраждық іс жүргізу кезінде Алматы қаласының халықаралық әуежайы мүддесін білдіру;
Қазақстандық тау-кен компаниясының қатысу үлесіне меншік құқығы туралы халықаралық арбитраждық іс жүргізу кезінде шетелдік инвестордың мүддесін білдіру;
Қазақстандық халықаралық арбитражда келісім-шарт бойынша қарызды өндіріп алу туралы дауда электр энергетикасы және өндірісті автоматтандыру саласындағы жетекші трансұлттық компания атынан өкілдік ету;
CIETAC ережелері бойынша халықаралық арбитражда өкілдік ету;