ҚҰРЫЛЫС

ҚР сотында 200 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы құрылыс мәселесі бойынша келісімді жарамсыз деп тану туралы дауда ірі халықаралық құрылыс компаниясы атынан өкілдік ету;

Тапсырыс берушімен арадағы жалпы құны 40 млн. АҚШ долларынан асатын бірнеше құрылыс келісім-шарттарынан туындайтын дауда ірі түркиялық мердігердің атынан өкілдік ету;

Қазақстандық мұнай өңдеу зауытындағы 300 млн. АҚШ долларынан асатын қосымша жұмыстарға қатысты мұнай-газ құрылысы саласындағы ірі шетелдік құрылыс компаниясына кеңес беру;

Мұнай құбыры құрылысын жүргізу кезінде 3 млрд. теңгеден астам қосымша жұмыстар құнын өндіріп алу туралы дауда ірі қазақстандық құрылыс компаниясы атынан өкілдік ету;

Ұңғымаларды бұрғылау және сонымен байланысты салаларда атқарылған жұмыстың құнын өтеу, шығындарды қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарының сапасы туралы әртүрлі дауда сервистік компаниялар мен тапсырыс берушілердің атынан өкілдік ету;

Алматы қаласында жаңадан салынған бизнес-класс тұрғын үй кешенін бұзу туралы дауда ірі құрылыс компаниясы атынан өкілдік ету.

Серіктестер