Наталия Шаповалова
Серіктес
Мамандануы
Байланыстар
Ұялы +7 701 768 64 27
WhatsApp +7 701 768 64 27
Email ns@tkl.kz
Linkedin
ЖАЛПЫ ЕҢБЕК ӨТІЛІ
18 жыл
Тілді білуі
Орыс / Ағылшын
Серіктес туралы
Наталия 14 жылдан астам тәжірибесі бар заңгер. Бүкіл карьерасын заң консалтингінде өткізіп келеді. Соңғы 11 жыл «Dentons Қазақстан» халықаралық заңгерлік фирмасында заңгер қызметінде істеді. Содан кейін аға заңгер болды.
Наталия құқық пен инновацияны тоғыстыра алған маман. Әдепкіде өз мансабын зияткерлік меншікті сақтау және қорғау маманы болып бастаған. Кейінірек Наталия ақпараттық технологиялар құқығы саласындағы тәжірибесін дамыта білді.
Наталияның зияткерлік меншік және ақпараттық технологиялар құқығы саласында керемет академиялық дайындығы бар. Ол авторлық құқық және сабақтас құқық саласындағы диссертациясын сәтті қорғады. Заң ғылымдарының кандидаты. Сондай-ақ ол Эдинбург университеті «Инновация, технология және құқық» магистрлік бағдарламасының түлегі.
Наталия ғылыми-практикалық мақалаларды жиі жазып, жариялайды, сонымен қатар бизнес-қауымдастықтар қызметі мен конференцияларына да қатысады.
Білімі
Эдинбург университеті, құқық магистрі, «Инновация, технология және құқық» бағдарламасы.
Заң ғылымдарының кандидаты (Ph.D), Ресей Федерациясы жоғары білім және ғылым министрлігі жоғары аттестациялық комиссиясы берген дәрежесі.
Ресей мемлекеттік зияткерлік меншік академиясы, «Құқық» мамандығы бойынша диплом (негізгі жоғары заң білімі).
Кәсіби қауымдастықтар
Заң консультанттар палатасы (KazBar), палата мүшесі, этика бойынша комитет мүшесі.
Қазақстан Республикасы патенттік сенім білдірілген өкілдер қауымдастығы, қауымдастық мүшесі.
Қазақстандағы зияткерлік меншік саласындағы заңгер ретінде порталы ұсынған.
bestlawyers.com
Франчайзинг саласындағы маманданған заңгер ретінде танылған.
Who’s Who Legal: Franchise edition
Электронды құжат айналымына өту бойынша мұнай-газ секторындағы компанияларға кеңес беру.
Қазақстанда шетелдік телеарналарды қайта тарату талаптары, шетелдік телеарналарды қайта есепке қою және басқа да құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттің қатысуымен шетелдік медиакомпанияларға кеңес беру.
Қазақстанда VoIP-қызметтерді қоса алғанда интернет-қызметін көрсетуге қатысты әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық компанияларға консультация беру.
02.03.2022
Наталия Шаповалова
Краткий гид по интеллектуальной собственности для стартапов
15.02.2022
Наталия Шаповалова
Закон о персональных данных: изменения, мимо которых пройти нельзя